Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжеймен кездесіп, елді сүйсінтті

Әнші ең қарт тыңдарманына камзол кигізіп, иығына жаулық жапты.

Сәкен Майғазиев өзін іздеп жүрген әжеймен кездесіп, елді сүйсінтті
видеодан алынған кадр

Танымал әнші Сәкен Майғазиев өзін көргісі келген кейуананың үйіне арнайы іздеп барды.

Зылиха әже Шымкент қаласының тумасы екен.

«Аллаға шүкір, Зылиха әжеме барып, маңдайынан сүйіп, батасын алу бақыты бұйырды. Апа, сізді Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде жариялапты. Күллі қазақ «Қандай сұлу, сүйкімді, тәп-тәтті әже», деп сізге ғашық болып жатыр», - дегенде апаның айтқаны ғой: «Бет біткеннің сұлуы екен дей ма мені» деп. Апама әзілі жарасып-ақ тұр. Расында, әдемі қартайған кісі екен», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші ең қарт тыңдарманына камзол кигізіп, иығына жаулық жапты. Желі қолданушылары өнер иесіне риза болып жатыр.

«Үйренеріміз көп! Сіздерге қарап бой түзейміз! Аман болыңыз! Әжеміздің ақ батасы қабыл болғай! Жүз жасасын», Қонаев атамыз сияқты бұл кісі де, қанша жұлдыз болсада адамдық қасиеті сақталған», «Көзімнен жас шығып кетті ғой, өзім барып сүйгендей болдым-ау!», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.