1093
Алматы, Шымкент, Қызылордада жаңа әуе терминалдары іске қосылады
Биыл елімізде тұңғыш рет Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні аталып өтті
Келесі жылы Алматы, Шымкент, Қызылорда әуежайларында жаңа терминалдар іске қосылады. Бұл жайында Көлік министрі Марат Қарабаев Азаматтық авиация қызметкерлерінің күніне орайластырылған мерекелік шарада айтты, деп хабарлады turkystan.kz qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, биыл елімізде тұңғыш рет Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні аталып өтті. Соңғы уақытта еліміз авиация саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ұшу қауіпсіздігі әлемдік стандарт бойынша орташа көрсеткіштен 15 пайызға жоғары. Былтыр Қазақстан әуежайлары 26 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 21 пайыз көп.