Конор Макгрегор алғаш рет киноға түсті

Конор Макгрегор бұл киноны төбелес жанрындағы ең айтулы туындылардың бірі болады деп санайды.

Конор Макгрегор алғаш рет киноға түсті
Видеодан кадр

Жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Голливуд актері Джейк Джилленхолмен бірге киноға түсті, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл ирдандиялық аралас жекпе-жек шеберінің дебюті.

«Жол бойындағы үй» – 1989 жылы түсірілген осы аттас фильмнің ремейкі.

Туындының тұсаукесер рәсімі 2024 жылғы 21 наурызға жоспарланған. 35 жастағы спортшы бұл киноны төбелес жанрындағы ең айтулы туындылардың бірі болады деп санайды.