790
Министрлік басшыларына халықпен кездесу өткізуге міндеттелді
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 17 қаңтардағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулы қабылдады.
Осылайша, орталық атқарушы органдар (Қорғаныс, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Әділет министрліктерін қоспағанда):
- жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша тоқсанына кемiнде бiр рет топ-менеджерлермен кездесулердiң кезеңдiлiгiмен жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткiзуге;
- халықпен кездесу өткізу үшін өңірді таңдау кезінде салалық проблемаларды және жергілікті жерде көтерілген мәселелерді ескеру;
- әлеуметтік шиеленістің болжанған немесе туындайтын тәуекелдері болған жағдайда бірінші басшылардың осы өңірдің халқымен кестеден тыс кездесулерін міндетті түрде өткізуін қамтамасыз ету;
- тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ақпаратқа қолжетімділік саласындағы уәкілетті органға өткізілген отырыстар туралы жиынтық ақпаратты жібереді.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктеріне отырыстарды ұйымдастыру кезінде орталық атқарушы органдарды ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жасау тапсырылды.