Алматы облысында 81 жастағы әжейді тұншықтырып кеткен

Күдіктілер өз қылмыстарын толығымен мойындаған.

Алматы облысында 81 жастағы әжейді тұншықтырып кеткен
Stan.kz

Алматы облысында қарт әйелді тұншықтырып, оны тонап кеткен ер адамдар ұсталды.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Жергілікті полицияға 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткенін баяндаған.

«28 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған. Полиция қызметкерлері істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық зерттеу тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде», – деп мәлімдеді полиция.

Ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатқаны айтылады.