Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды

Хамитов алдыңғы жекпе-жегінде грузиялық Залимхан Юсуповты жеңген болатын

Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды
prosports.kz

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов 2024 жылдың наурыз айында Таиландта жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Келесі жекпе-жек наурыз айының басында өтуі керек. Келісім-шарт қазірдің өзінде қолымызда... Дәл сол себепті мен Таиландта осы жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Нақты уақытты және қарсыласты кейінірек хабарлаймыз. Бірақ қарсыластар үміткерлерінің арасында қазірдің өзінде қызықты есімдер бар, олармен келіссөздер жүргізілуде, - деді Хамитов.

Хамитов (26-7-2) алдыңғы жекпе-жегін 2023 жылдың 19 мамырында Алматыда өткен Hardcore MMA 62 турнирінде бірауыздан шешіммен грузиялық Залимхан Юсуповты (19-15) жеңген болатын.