«Не істеп шаршайтын едім?»: Ерке Есмахан сәбилі болған соң не өзгергенін айтты

Ерке Есмаханның оқырмандары бала күтудің қыр-сырын бөлісіп жатыр.

«Не істеп шаршайтын едім?»: Ерке Есмахан сәбилі болған соң не өзгергенін айтты
instagram.com

Жақында босанған Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында жаңа суретін жариялады.  Өнер иесі екі ұлымен және күйеуімен Мальдив аралдарына демалысқа аттанған болатын, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұрын, Ислам жоқ кезде «Не істеп шаршайтын едім» деп кейде ойлаймын. Ұйқым биыл қанбайды-ау», - деп жазды Ерке Есмахан.

Оқырмандары сүйікті әншілеріне жақсы демалыс тілеп, бала күтудің қыр-сырын бөлісіп жатыр.

«Ертең-ақ өсіп кетеді, сәл сабырлы болыңыз», «Ұйқысы қанбай жүргендер біргеміз», «Ұйқыны ұмытасыз», «Ұйқыны армандамай-ақ қой Еркеша», – деп жазды желі қолданушылары.