Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Облыс тұрғындарына таулы аймақтарға барудан бас тартуға кеңес беріледі.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін
ашық дереккөз

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің облыс тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазселденқорғау» ММ «ШҚАПБ» филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға байланысты 23-25 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін.

«Мамандар тұрғындарға тауға барудан бас тартуға кеңес береді. Қар көшкіні автомобиль жолдарына қауіп төндіреді. Олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамай, қауіпті аймақтан тез кетуге кеңес береміз», – деп жазылған ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хабарламасында.