Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Ұлттық ғылым академиясының президенті тағайындалды
Қазақ ұлттық өнер академиясы

Ақылбек Күрішбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті болды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.

Ақылбек Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматыда дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

Еңбек жолын Талғар ауданаралық арнайы шаруашылық бірлестігінде комбайншының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы министрі, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚазАТУ) ректоры қызметтерін атқарды.