Ұлытау облысында құны 1,5 млрд теңге болатын кірпіш зауыты бес ай бойы жұмыс істемеген

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін инвесторға саз өндіруге лицензия беріліп, оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Ұлытау облысында құны 1,5 млрд теңге болатын кірпіш зауыты бес ай бойы жұмыс істемеген
Ұлытау облысының әкімдігі
762

Ұлытау облысында кірпіш зауытының жұмысы 5 ай бойы заңсыз тоқтатылған, деп хабарлады turkystan.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау кәсіпкерлердің, оның ішінде инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған.

Қадағалау басымдықтарының бірі инвестордың алдында тұрған мәселелерді жедел шешу болып табылады.

Осы жұмыс аясында облыс прокуратурасы 1,5 млрд теңгеге кірпіш зауытын салған инвестордың («Талап 2023» ЖШС) құқығын қорғады.

«Инвестор зауытты шикізатпен (балшықпен) қамтамасыз ету үшін Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне «Талап» кен орнында саз өндіру жобаларын келісу туралы өтініш жолдаған. Алайда Департамент инвесторға саз өндіру жұмыстарын мақұлдаудан негізсіз бас тартқан. Сондықтан Жезқазған қаласында салынған кірпіш зауыты 5 айдан астам уақыт қажетті шикізатсыз тұрған», – делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін инвесторға саз өндіруге лицензия беріліп, оның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

 

Серіктес жаңалықтары