22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ашық дереккөз
940

22 қаңтарда елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында болады.

Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

 

Серіктес жаңалықтары