Атыраулық ер адам 11 күннен бері табылмай жатыр

Жылыой ауданының азаматы белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.

Атыраулық ер адам 11 күннен бері табылмай жатыр
Видеодан кадр
2758

Атырауда 11 күн бұрын жоғалып кеткен адам әлі іздестірілуде, деп хабарлады turkistan.kz AtyrauPress-ке сілтеп. 

Жылыой аудандық полиция бөлімі 9 қаңтар күні аудан тұрғынын іздестіріп жатыр. 1985 жылы туған азамат белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.

39 жастағы азамат 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан көрінеді. Алайда одан кейін байланыс үзілген.

Іс-түссіз жоғалған адамды іздеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары