«Қазақмыстың» қоймасынан өрт шықты

Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды

«Қазақмыстың» қоймасынан өрт шықты
Балқаш қаласының ТЖД
927

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қоймасы өртенді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталған. Қойманың жалпы ауданы – 1 800 шаршы метр. Көмекші тауар материалдары өртенген.

Сол күні кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.

Серіктес жаңалықтары