Арыстағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Зардап шеккендердің екеуі де – Өзбекстан азаматы.

Арыстағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі қайтыс болды
Түркістан облысы ТЖД
951

Арыста газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Олардың біреуі қайтыс болды. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Наубайхана мен техникалық қызмет көрсету орталығы және дүкен орналасқан бір қабатты ғимаратта газ баллоны жарылды. Екі адам ауруханаға түсті.

“Зардап шеккендердің екеуі де - Өзбекстан азаматы. Бірі – әйел, екіншісі– ер адам. 1984 жылғы әйелдің денесін 92% күйік шалған. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке орай науқас алған жарақатынан қайтыс болды", - деп хабарлайды ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін 17 қаңтарда Арыста газ жарылып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.

Серіктес жаңалықтары