Қазақстандық әртіс стюардессаны ұрып жіберген

Ол 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Қазақстандық әртіс стюардессаны ұрып жіберген
ult.kz
957

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мас күйінде ұшақ ортында стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге қатысты қандай шешім шыққанын айтып.

Ведомство өкілінің айтуынша, кінәлі азамат жауапкершілікке тартылған.

«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сонымен қатар Сұлтанбаев бұл жағдайдың бір жыл бұрын болғанын еске салды.

«Иә, шынында да мұндай факт болды. Кінәлі Нұрымбетов 1982 жылы өмірге келген, Астана қаласының тұрғыны. Целиноград облыстық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Ол мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары