Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді

Сот қаулысы былтыр маусым айында шыққан болатын.

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді
ашық дереккөз

Алматы қалалық соты қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан түскен апелляциялық шағымды қарауға кірісті, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қалалық соттың баспасөз қызметі аталған іс бойынша апелляциялық шағым қаралып жатқанын растады.

Былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын.

Аталған қылмысқа қатысы бар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.