12 елікті заңсыз атқан павлодарлық браконьерлер ұсталды

Ұсталған күдіктілерге қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталд

12 елікті заңсыз атқан павлодарлық браконьерлер ұсталды
Павлодар облысы полиция департаменті
964

Ертіс өзені жайылмасында екі азамат жануарларды атып, етін бөлшектеп алып кеткелі тұрғанда қолға түсті. Оқиға орнынан қарда жүретін көлік, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды.

Мичурин ауылының тұрғындары өзен маңайында әлдебіреулердің еліктерді атып жатқаны туралы полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшысы мен жергілікті орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің маманы заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесті.

- Полиция мен орман мекемесінің маманы аталған аумаққа барғанда браконьерлер 12 елікті сұлатып үлгерген. Оқиға орнынан жануарлардың ұшасы, қарда жүретін көлік, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды. Ұсталған күдіктілерге қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары