Денсаулық сақтау министрі ағза доноры болатынын мәлімдеді

Мәйіт донорлығы - көп елде проблема.

Денсаулық сақтау министрі ағза доноры болатынын мәлімдеді
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістің кулуарында донорлық туралы айтып, өзі де ағза донорлығына келісім беретінін айтты, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәйіт донорлығы - көп елде проблема. Бұл жерде мәселе медициналық емес, моральдық-этикалық проблемалар бар. Азаматтар өлгеннен кейін ағзаларын тірі қалдыруға дайын болуы керек. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тіркеу бар, онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өз ниетін, таңдауын білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық өз ұстанымын білдірген, оның 15 пайызы келіскен, - деді министр.

Ажар Ғиният бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын және ақпараттық жұмыстар жүргізелетінін айтты.

Желтоқсан айында трансплантация болды. Екі донор 9 адамның өмірін сақтап қалды, - деп айтты ол.

Министр журналистің “Сіз қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісесіз бе?” деген сұраққа жауап берді.

Мен келісіп, ниетімді білдірдім, - деп қысқа жауап берді Ажар Ғиният.