1018
Қостанай облысында 50-ден астам қасқырды атуға рұқсат берілді
Жыртқыштар елдімекендер аумағына өткен жағдайда, оларды атуға рұқсат беріледі
Қостанай облысында төрт түлік малға шабуыл жасаған қасқырларды атуға рұқсат берілді. Бұл туралы жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рустам Бидибаев мәлімдеді.
Жануарлардың санын реттеу мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Бұған дейін Қостанай облысында қасқыр санын реттеуге шектеу енгізілген болатын. Енді облыс бойынша 53 қасқырды жоюға рұқсат беріліп отыр. Жыртқыштар елдімекендер аумағына өткен жағдайда, оларды атуға рұқсат беріледі, – деді Рустам Бидибаев.
Айта кетейік, жануарды ату лицензиясын elicense.kz веб-порталынан алуға болады.