Шымкентте төрт құрылыс дүкені мен қойма өртеніп кетті (ВИДЕО)

ТЖД-ға өрт туралы хабар түнгі 01:15-те түскен.

Шымкентте төрт құрылыс дүкені мен қойма өртеніп кетті (ВИДЕО)
ТЖМ

17 қаңтарға қараған түні Шымкентте құрылыс дүкендері мен қоймалар өртенді.

ТЖД-ға өрт туралы хабар түнгі 01:15-те түскен. Өрт Ескі қала ауданында Әйтеке би көшесі бойында құрылыс материалдарын сататын «Евролюкс» дүкенінің қоймасынан шықты.

Оқиға орнына келгенде құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Медина» дүкендері мен қоймалары өртеніп жатқаны анықталды. Дүкендердің жалпы аумағы 2500 ш.м. Өрт шамамен 1300 ш.м. шарпыған. ТЖД күшейтілген режимде өрт сөндіріп жатыр. Оның себептері анықталады, - деп атап өтті Шымкент қалалық ТЖД.