Шавкат Рахмоновтың еден жуып жүрген видеосы жанкүйерлерін тәнті етті

Dar Pro Team командасы файтердің видеосын Instagram әлеуметтік желісіне жүктеді.

Шавкат Рахмоновтың еден жуып жүрген видеосы жанкүйерлерін тәнті етті
скриншот

Әлеуметтік желіде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жатығу залының еденін жуып жүрген видеосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Dar Pro Team командасы файтердің видеосын Instagram әлеуметтік желісіне жүктеп "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп жазба қалдырды.

FC промоушенінің жекпе-жек шеберінің әрекетіне тәнті болған оқырмандар посттың астына:

"Күш – қарапайымдылықта", "Дұрыс, онда тұрған ештеңе жоқ", – деп пікір қалдырды.