1218
Ақтауда арықтатын дәрі ішкен әйелдің жүрегі 5 минут соқпай қалған
Әйелдің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған.
Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған 30 жастағы тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.
Әйелдің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған.
«Нәтижесінде науқас клинакалық өлімнен оянды. Содан кейін оған 6 күн қатарынан жансақтау бөлімінде көмек көрсетілген», - делінген хабарладама.
Дәрігерлер қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.
«Жас қыздар, келіншектер арық болып жүргенді дәреже көретін сияқты. Арықтататын дәрі ішіп, жүрегі тоқтап қалған қызды біздің мамандар 8 минутқа жеткізбей есін жинатып алды. Дәрігерлердің біліктілігінің арқасында, қыз бала аман қалды», - дейді анасы Мейрамгүл Кенжебаев.