Майқайыңда автобустың жер астына түсіп кеткен сәтінен видео пайда болды

Аталмыш бейнені «Майқайың-алтын» АҚ шахта басшылығы растады.

Майқайыңда автобустың жер астына түсіп кеткен сәтінен видео пайда болды
скриншот

Майқайың кенішінде автобустың жер астына құлаған сәті түсірілген видео пайда болды. Видео әлеуметтік желіде таралып кеткен.

Бейнежазбада Майқайың кеніші шахтасының маңында автобустың тазарту кеңістігіне құлаған сәті айқын көрінеді. Аталмыш бейнені «Майқайың-алтын» АҚ шахта басшылығы растады. 

Еске салсақ, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданындағы Майқайың кеніші шахтасының маңында 4 жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен болатын. Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Екі адамның денесі табылды.  Іздеудің төртінші күні құтқарушылар Майқайың кенішінде болжам бойынша құлауы мүмкін автобустың орнын анықтады. Бүгінгі таңда ауыр техниканы кеніш түбіне түсіру үшін қазба жұмыстары жүргізілуде.