Өскеменде 8 жастағы бала иіс тиіп қайтыс болды

Оқиғаға пеш пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған.

Өскеменде 8 жастағы бала иіс тиіп қайтыс болды
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
923

Оқиға 14 қаңтар күні Щербаков көшесінде болған. Бір отбасы мүшелеріне түгелдей иіс тиген.

«8 жастағы қыз сол жерде көз жұмды. Ал уланған 41 және 47 жастағы әке-шешесін жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізді», — деп хабарлады ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаға пеш пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған. Пештегі жарықтардан газ шығып кеткен. Осы ретте құтқарушылар тұрғындарға барынша абай болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Серіктес жаңалықтары