Жансая Әбдімәлік «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінің жеңімпазы атанды

Жансая Әбдімәлік «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінің жеңімпазы атанды

Жансая Әбдімәлік «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінің жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарыс барысында шахматшы аруымыздың қарсыластары оңай болған жоқ. Кілең мықтылармен күш сынасты. Олардың қатарында екі халықаралық шахмат федерациясының шеберлері, екі халықаралық дәрежедегі шахмат шеберлері және бес гроссмейстер болды. «9 турдың қорытындысында Жансая Әбдімәлік алты ұпай жинап, ерлер арасында 15 орын, ал әйелдер арасында бірінші орын алды. Турнир қорытындысынан кейін Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында әлемдік рейтингте үздік 35 шахматшының қатарына кіреді. Жақын арада өтетін ФИДЕ президенттік кеңесінде шахматтан ерлерге берілетін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен мараптталатын Қазақстандағы ресми бірінші қыз болады», - деп хабарлайды шахмат Академиясы. Естеріңізге сала кетейік, Жансая Әбдімәлік - қазақстандық шахматшы, қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер және гроссмейстер. 2013 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қыз ФИДЕ-ның азиялық федерациясында Азияда 20 жасқа дейінгі үздік шахматшы деп танылған болатын.