3351
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің асына неге қатыспағанын айтты
Өнер иесі оның себебін Instagram парақшасында түсіндірді.
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова 14 қаңтар күні әкесі Мұхамедьяр Өмірбекұлы мен марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовтің рухына арнап, ас берді. Алайда өнер иесінің өзі белгілі себеппен асқа қатыса алмай қалған.
Сөзінше, әнші ауа райы қолайсыздығына байланысты Астанадан Қарағанды қаласына жете алмаған.
«Ниетімді қабыл етсін, өтіп жатқан, бағыштаған құранымыз қабыл болсын. Әттең-ай жолды ашпады, өзім Астанадан жете алмай қалдым. Бүгін Зәкең бар болса 80 жасты тойлар едік», - деп жазды әнші. Әттең бір қанішердің құрбаны болып кеттіңіз. Соларды таппайынша, халыққа көрсетіп естіртпейінше сіздің рухыңыз тынышталмайтынын мен жақсы білемін Зәке. Алла енді сол күнді де естіп, көруді нәсіп еткейсің», – деп жазды өнер иесі Instagram парақшасында.