1629
Биыл әскери қызметшілердің жалақысы 30%-ға өседі
Тілеухан Басқожаев әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетіндегі өзгерістер туралы хабардар етті.
Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Ақтау гарнизонына барып, сарбаздармен және командирлермен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Басқожаев 2024 оқу жылында Қарулы күштердің алдына қойылған міндеттерді айтты.
Департамент бастығы кездесуге қатысушыларды әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетіндегі өзгерістер туралы хабардар етті.
"Соңғы үш жыл ішінде лауазымдық жалақыны кезең-кезеңмен ұлғайту жүргізілді. Биыл Қарулы күштердегі қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарының тарифтік санаттары және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша жалақылары 30%-ға өседі, – деді департамент бастығы.