Тойханаға түйе кіргізгендердің видеосы жұрттың ашуын туғызды 20:00

Желі қолданушылары түйе кіргізген той иелерін сынап жатыр.

Тойханаға түйе кіргізгендердің видеосы жұрттың ашуын туғызды 20:00
скриншот

Әлеуметтік желіде тойханаға түйе кіргізгендердің әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодағы кадрдан белгісіз ер адам түйені баспалдақтан жетектеп түсіп келе жатқанын байқауға болады.

«Жарықтық, не көрмедік тойда, ат, көлік, міне түйе, енді піл, сонымен тренд аяқталар», – делінген видеожазбада.

Желі қолданушылары түйе кіргізген той иелерін сынап жатыр.

«Айыппұл салып, басқаларына сабақ болуы керек», «Мақтаншақ адамның әрекеті», «Қазір ештеңеге таңғалмайтын болдық», «Дарақылыққа жол болсын», «Малды қорлады-ау», -  деген негатив пікір жазылып жатыр.