Ақтауда жеңіл көлік өртеніп кетті

Газ баллоны жарылған.

Ақтауда жеңіл көлік өртеніп кетті
mangystaumedia.kz

Ақтауда 12 қаңтар күні жол ортасында көлік өртеніп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының сәліметінше, оқиға 29 шағын аудан, 22/1 үйдің маңында болған.

«Daewoo Nexia маркалы жеңіл автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау сағат 09:46-де сөндірілді. Өрт қызметінің мамандары келгенше газ баллоны жарылған», – дейді төтенше жағдай қызметінің мамандары.