Президент Мақпал Жүнісоваға құттықтау хат жіберді

Мемлекет басшысы Халық әртісін 60 жас туған күнімен құттықттады.

Президент Мақпал Жүнісоваға құттықтау хат жіберді
instagram.com/zhunusova.makpal

ҚР Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова 60 жасқа толды. Өнер иесін арнайы құттықтағандардың қатарында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Мемлекет басшысы Халық әртісінің туған күніне құттықтау хат жіберген.

«60 жастың бірінші күні жақсы басталды. Аллаға мың шүкірлер! Елбасының құттықтауын Арман Қырықбаев пен Ақзер сіңілім табыстап, қуанып кетіп барамын. Елбасыға қыздың жасын елегеніне мың рақмет!» – деп жазды туған күн иесі.

Сондай-ақ ол жеке парақшасына алғаш сахнаға шыққан сәтіндегі видеосымен бөлісіп, құттықтап жатқан тыңдарманына да алғыс айтты.