Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды
ашық дереккөз

Мемлекет басшысының өкімімен Шыңғыс Лесұлы Жақыпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.