15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады.

15 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ашық дереккөз

Еліміздің 15 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында боран және көктайғақ, Маңғыстау облысында да көктайғақ болуы мүмкін.

Абай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бұрқасын, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

10 қаңтар күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қалың қар жауады. Жетісу, Түркістан облыстарында жел тұрады деп болжанған, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады.