Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысудың тиімді тұстары қандай?
1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірі 5 сағаттық белдеуге өтеді.
Еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуының тиімді тұстары көп. Бұған дейін халық көп шатасқан пойыз бен ұшақ кестесі теңестіріледі. Сондай-ақ мұндай шешім адам денсаулығына да пайдалы. Ағзаның биологиялық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік бермек, деп хабарлады turkystan.kz.
1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірі 5 сағаттық белдеуге өтеді.
География ғылымдарының кандидаты Түгелбаев Санат бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу турасында пікірін білдірді.
«Бұл – мемлекеттік деңгейдегі қабылданған шешім. Бұл – қаншама қаланың мамандары бірнеше жыл бойы зерттеп, жасап отырған тұжырым. Шешімнің қабылдануына біріншіден, технологияның қарқындап дамуы әсер етті. Әсіресе интернет және ғарыштық зерттеу тез дамып отыр. Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу керек екенін пандемия кезінде байқадық. Бәрі онлайн режимде жұмыс істегендіктен, басқару органдары, денсаулық сақтау, білім салаларына территория екі түрлі сағатта болғандықтан қолайсыздық туғызды. Бұл жерде мемлекеттің болашақ бағыты ескерілді. Яғни, бір уақыттық режиммен басқару тиімді. Біріншіден, қауіпсіз. Екіншіден, шұғыл шешім қабылдау үшін маңызды болмақ. Сондықтан да бұл – әбден сараптан өтіп, қабылданған шешім», – деді ол.