Трамптың қарсыластары мен жақтастары қақтығысты

Трамптың қарсыластары мен жақтастары қақтығысты

Трамптың қарсыластары мен жақтастары қақтығысты
ашық дереккөзі
АҚШ-тың бірнеше қаласында президент Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластары ереуілге шықты. Наразылық соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып, қақтығыс салдарынан 7 адам жарақат алды деп хабарлайды 24.kz.  Тәртіп сақшылары наразылық шарасы кезінде төбелес шығарып, білем темір мен ағаш таяқ қолданған 22 адамды қамауға алды. Еске сала кетейік, президент Трамп өткен айдың аяғында Twitter парақшасында жақтастарынан қолдау көрсетуді сұрап, ауқымды шеру өткізуге шақырған. Оның пікірінше, шара қарсы тараптың ереуілінен асып түсуі керек еді. Бірақ бұл жолы көшеге шыққандар тым аз болған. Ал Трампты қолдаған ең ауқымды митинг 20 қаңтарда, ұлықтау рәсімі кезінде өтті. Ол кезде тек Вашингтонның өзінде жүз мыңдаған шеруші жаңа президентке қолдау білдірген еді.