Мәжілісмен Аягөз қаласының тұрғындарымен кездесті

Жиында қала тұрғындары өздерінің көкейтесті мәселелеріне тоқталды.

Мәжілісмен Аягөз қаласының тұрғындарымен кездесті
929

Мәжіліс депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Абай ауданындағы сайлаушылармен кездесу өткізіп жатыр.

Депутат Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиында қала тұрғындары өздерінің көкейтесті мәселелеріне тоқталды. Сайлаушылар әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасы, автобустардың кешкі мезгілде ерте тоқтап қалуы, ауыз су, көшелердің атауын өзгерту, қаңғыбас иттерді атуға рұқсат беру, медициналық сақтандыру,  газ тарту, жедел жәрдем стансасын Семейден Аягөзге көшіру, әуежай салу сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.

«Біріншіден, тұрғын үймен қамту өте өзекті. Екінші мәселе – ауылшаруашылығындағы игерілмеген жерлерді қайтару. Сондай-ақ елдімекендерді жоғары интернетпен қамту. Кей ауылдарда не су жоқ, не қаржының игерілуінің есебі жоқ. Мысалы, Аягөз қаласында тұрғын үйлер салынған, бірақ  сапасы өте нашар екен. Қыста суық, осы мәселе шешілсе деп отыр.  Халықтың көтерген мәселелерін жазып алдым, Парламентке барғанда көтеріледі. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізіледі», – деді депутат.

Нұртай Сабильянов сайлаушылардың барлық сұрағына жауап берді. Мәжіліс депутатының өңір халқымен кездесулері жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары