Тұман, қар, жел: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Тұман, қар, жел: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын түседі, елдің солтүстік жартысында да жауын-шашын, көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысыныда ауа райы жауын-шашынсыз, - деп жазылған хабарламада.

 

Еліміз бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.