сенбі, 12 сәуір, 2025

«Бес қызым - бес бармағым»: Алтынай Жорабаева бесінші қызына ерекше есім бергенін айтты

/
ашық дереккөз
Әнші барша тілеулестеріне алғысын білдірді.

Әнші Алтынай Жорабаева бесінші қызына қандай есім бергені белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: «Аман-есен жаның қалсын» деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс», - деп жазды әнші.

Бөлісу: