Астанада қар тазалауға 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

6 қаңтар күні Астанада 3131 жүк рейсін құрайтын 50 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Астанада қар тазалауға 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды
Астана әкімдігі

Елорданың коммуналдық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, қала көшелерін қардан тазартуда, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

400-ге жуық жол жұмысшысы мен 1200-ден астам арнайы техника көшелерді түнгі уақытта қардан тазартуға жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай - ақ орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. қардан тазартылады.

6 қаңтар күні Астанада 3131 жүк рейсін құрайтын 50 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап елордада 1 400 000 текше метрден астам қар шығарылды, бұл 100 мыңға жуық ауыр жүк рейсін құрайды.