Президент Іс басқармасының аппарат басшысы тағайындалды

Бұл туралы ҚР Президентінің Іс басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Іс басқармасының аппарат басшысы тағайындалды
1036

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы қызметіне Серік Әбдірахманұлы Кенжебаев тағайындалды.

Серік Әбдірахманұлы 1971 жылы Тараз қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол бұған дейін Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің «Электрондық коммерция орталығы» РМК директорының орынбасары, Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінде басқарма басшысының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Манғыстау облысы бойынша монополияға қарсы басқармасы бастығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ аппарат басшысы болған.

2022 жылдан бері ҚР ПІБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары