994
Алматы әуежайының бұрынғы президенті 8 жылға сотталды
Авиациялық жанар-жағармай қызметінің басшысы Қуаныш Тұмышевқа да қатысты сот үкімі оқылды.
Алматы әуежайының бұрынғы президенті 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сот Алматы әуежайының экс-президенті Айбол Бекмұхамбетов пен авиациялық жанар-жағармай қызметінің басшысы Қуаныш Тұмышевты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олар жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.