Мәжіліс депутаты Талдықорғандағы отандық кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Руслан Қожасбаев лак-бояу материалдары мен жол жөндеуге арналған материалдар шығаратын өндірістік компанияға барды.

Мәжіліс депутаты Талдықорғандағы отандық кәсіпорындардың жұмысымен танысты
1035

Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев жұмыс сапарын Талдықорған қаласынан бастап,  «Алматинские краски» кәсіпорнының жұмысшыларымен кездесті.

Қазақстанда лак-бояу материалдары нарығы айтарлықтай өсті. Республикада импорт өнім азайып, ал елде жұмыс істеп тұрған компаниялар мен концерндер өз дистрибьюторлық желілерін дамытуда. Яғни Қазақстанның барлық өңіріне қызметі мен өнімін таратуда және көрші елдерге де экспорттауда.

«Алматинские краски» компаниясы – лак-бояу материалдары мен жол жөндеуге арналған материалдар шығаратын өндірістік компания. Ел аумағында 2009 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.  Өнімдері озық технологиялар бойынша өндіретін зауыт  жылына 5000 тонна лак-бояу материалы мен 6000 тонна термопластик шығарады. Кәсіпорында 100-ге жуық білікті жұмысшы жұмыс істейді. Өндірісті ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалған. 

Кездесу барысында аталған мекеме басшысының орынбасары Римма Салықова депутатқа отандық  өнімдер барынша қолдау табуы қажет екенін жеткізді.

«Қазір нарықтық сауда жүйесінің  міндеті – сөрелерде отандық өнімдердің тұрақты түрде қолдау тауып, сатылымда болуы маңызды.   «Алматинские краски» кәсіпорнының өнімдері жаңа озық технологиялар бойынша өндіріледі. СТ-KZ шығу сертификаты бар. 2010 жылы кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі енгізілді, соның негізінде компанияға сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты берілген. Осы сертификаттар алдағы уақытта күшін жоймауын және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау қажеттілігін қолдау қажет деді», - деді Римма Аждарқызы.

Өз кезегінде мәжілісмен мекеме жұмысшыларға қолдау білдіріп, мәселелерді жіті назарына алатынын жеткізді.  

Айта кетейік, қазір зауытта ыдыс, лак-бояу және термопластика өндіретін цехтар жұмыс істейді. 

Серіктес жаңалықтары