Жамбыл облысында кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан

Сотта күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.

Жамбыл облысында кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған малдың етін сатқан
stopfake.kz
889

Қазақстандық кәсіпкерге сібір жарасын жұқтырған ет өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап

"Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жеке кәсіпкер С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, - делінген "Талас аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың тамыз айында ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасын жұқтырған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, нәтижесінде адам денсаулығына зиян келтірген.

Сотта С. өз кінәсін толығымен мойындады.

Серіктес жаңалықтары