Оралдағы жарылыстан 2 адам қаза тапқаны белгілі болды

Үйінділердің астынан 6 адам шығарылды.

Оралдағы жарылыстан 2 адам қаза тапқаны белгілі болды
БҚО ТЖД

Орал қаласында жарылыс болған кафеден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, үйінділердің астынан 6 адам шығарылды. Бесеуі ауруханаға жеткізілді, алтыншы адам ауруханаға жатудан бас тартты.

"Жарылыс болған жерде 2 адам көз жұмды. Олардың аты-жөні анықталып жатыр. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда", - дейді құтқарушылар.

Айта кетейік, бұған дейін Оралдағы дәмханда жарылыс болып, зардап шеккендер барын хабарлаған болатынбыз. Ғимараттың 110 шаршы метр аумағы қирап, 25 шаршы метр аумақ отқа оранған.