Тұман, қар, жел: 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 4-і күнгі күн райы болжамын жариялады.

Тұман, қар, жел: 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ашық дереккөз

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар елдегі ауа райына әсер етеді, осыған қарай күн құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігіне жауын жауады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ, боран соғып, екпінді жел тұрады.