Футболдан Қазақстан құрамасы ақпанда жолдастық матч өткізеді

Бұл кездесу наурыз айында УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойынға дайындық барысында болады

Футболдан Қазақстан құрамасы ақпанда жолдастық матч өткізеді
Ашық дереккөз

Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл кездесу наурыз айында УЕФА Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойынға дайындық барысында болады.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев айтты.

«Алдағы ойынға жоспар құрып жатырмыз. Еліміздің барлық клубы ұлттық құрамаға көмектеседі деген үміттемін. Ақпан айында жолдастық ойын өткіземіз. Ұлттық құрама футболшылары бір апта бойы дайындықтан өтеді», - деді Адиев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.