Бердімұхамедов зейнеткерлерді жаппай жұмыстан қуып жатыр

Бердімұхамедов зейнеткерлерді жаппай жұмыстан қуып жатыр

Бердімұхамедов зейнеткерлерді  жаппай жұмыстан қуып жатыр
ашық дереккөзі
258

Түркіменстан президентінің бұйрығы бойынша елдің барлық министрліктерінен, мемлекеттік мекемелерінен, корпорация мен бірлестіктерінен зейнет жасына келген қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығара бастады. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Ақпарат көзінің хабарлауынша, зейнеткерлерді жұмыстан шығару Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің 2016 жылғы 4 қарашадағы үкімет отырысында айтқан тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатыр.
Сондай-ақ, Түркіменстанның туризм жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасы Сердар Чолуковтың "зейнет жасына жеткен қызметкерлерді тиісті зейнет демалысына шығарып салыңдар" деген бұйрығын жариялаған. Мемлекеттік құрылымдардағы жаппай қысқарту тек зейнеткерлерге қатысты емес. 2016 жылы елдің мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқартылған. Жергілікті сарапшылар зейнеткерлерді жаппай жұмыстан шығару отбасыларды нәпақасыз қалдырып, тұрмыс жағдайын одан сайын ауырлатуы мүмкін деп алаңдаулы. Өйткені жастардың дені жұмыссыз болғандықтан елдегі көптеген отбасы үлкен буынның алатын жалақысына қарап отыр.

Серіктес жаңалықтары