1444
Абай облысында жүйке дертіне шалдыққан 78 адам көлік жүргізіп келген
Оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды.
Абай облысының прокуратурасы 2023 жылы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында талдау жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан жарамды жүргізуші куәлігі бар», – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.