1599
Көктайғақ, екпінді жел: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады.
Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжанып отыр. Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады.
Түнде оңтүстік-батыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында екпіні 30 м/с және одан да жоғары жел соғады.