Ұлттық Банк коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Ұлттық Банк коллекциялық монеталарын айналымға шығарады
ҚҰБ

Қазақстан Ұлттық Банкі «Сиқырлы нышандар» сериясынан AI•KÚN және «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясынан TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат ҚҰБ ресми сайтында жарияланады.

AI•KÚN коллекциялық монеталары туралы

Дизайн қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген. Күн батылдық пен белсенділікті білдірсе, ай тыныштық пен шығармашылықтың символы болып табылады.   

- монета жоғары бедерлі, алтын жалатылған және екі жақты тотығу технологиясы қолданылған, күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы –  antique silver, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана.

TÚIE коллекциялық монеталары туралы

TÚIE – «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» сериясымен шығып жатқан алтыншы монета. Оның дизайнында сақ стилінде бейнеленген жануардың натуралистік және трафареттік көрінісі біріктірілген.

Көшпенділер мәдениетінде түйе адамгершілік пен тәуелсіздік, күш-жігер мен төзімділіктің бейнесі саналады.

Монеталар 3 түрде дайындалды:

- 925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 25 oz (777,5 грамм), диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 5 000 теңге, таралымы – 200 дана;

«Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады», – делінген хабарламада.

Күмістен жасалған AI•KÚN және TÚIE монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ нөмірлік сапа сертификаттарымен кәдесый қаптамасында шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.