ШҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды

Тергеу әрекеттері барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленді.

ШҚО-да терроризмді насихаттады деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды
ҰҚК

 

27 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген. Оған ресми сақтандыру жарияланған. Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды», – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.